Оралда 13 жасар өгей қызын зорлаған тұрғын 20 жылға түрмеге қамалды

Әрі жеті миллион теңге төлеуге міндеттелді


27/05/2021
11:38 42437 0

Фото: timeskz.kz

26 мамырда Орал соты 13 жасар өгей қызын зорлаған 33 жастағы Болат Аймағамбетовті 20 жылға абақтыға қамады. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлайды

Айтмағамбетовке екі айып тағылған: «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» (Қылмыстық кодекстің 121-бабы) мен «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» (124-бабы). 

Қылмыскер қызды бір жарым жыл бойы зорлап, ал анасын ұрып-соққан екен

Отырыс кезінде прокурор айыпталушыға 20 жыл түрме жазасын сұраған. 

— Оған ең ауыр жаза берсе екен деп едім. Бірақ бұл — осы бап бойынша ең ауыр жаза екен. Қызым екеуіміз оған аз жыл беріле ме деп қорықтық. Өтемақы ретінде 15 миллион теңге сұрадық. Бірақ судья оны жеті миллион теңге (шамамен 16,3 мың доллар) төлеуге міндеттеді, — деген қыздың анасы Самира Дусталиева журналистерге. 

Ал айыпталушының адвокаты Мереке Ғабдуалиева үкімге шағым түсіретінін айтты.

— Айтмағамбетов тағылған айыпты мойындамайды, біз апелляциялық шағым түсіреміз, — деді ол «Азаттық радиосына». 

Қазақстанда кәмелетке толмағанды зорлағандар 20 жылдан өмір бойына дейін түрмеге қамалады. Біз бұрын жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанда не істеу керегін айтқанбыз. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

27/05/2021 11:38
42437 0

Уведомление